1400-ге жуық жолаушыларға көмек көрсетілді

201

0

 25 қаңтар күні кешкі сағат 20:30-дан бастап «Самара – Шымкент» тасжолының 1240 – 1646 шақырымдар аралығында, яғни Қармақшы ауданынан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі аралықта ауа-райының қолайсыздығына байланысты барлық көлік құралдарының қозғалысына шектеу қойылды. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автомобиль жолында  Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері оқыс оқиғалардың алдын алу үшін тәулік бойы патрульдеу және бақылау жұмыстарын жүргізу үшін дереу күшейтілген кезекшілікке қызметке түсті.    
Нәтижесінде  – 854 жүк көлігі, 489 жеңіл және 13 қоғамдық көліктерге көмек көрсетті.  Жалпы 1356 көліктердің 2602 жолаушысына, оның ішінде 336- әйелдер, 2253 – ер азамат және 13 балаға көмек көрсетілді.  Кезекшілік жасап жүрген полиция қызметкерлері оларды  жақын маңдағы кешендерге жеткізіп, ыстық тамақпен қамтамасыз етіп, жайғастырды.  
Әр түрлі техникалық ақауларға байланысты тұрып қалған  автокөліктердің  жүргізушілері мен жолаушыларына алғашқы көмек көрсетіп,   автокөліктерінің ақауларын жөндеу мақсатында жақын маңда орналасқан кешендерге жеткізді.        
Көліктер автотұрақтарға қойылды. Көктайғақ салдарынан қойылған шектеуге байланысты  6 полиция экипажы тәулік бойы жұмыс жасады.  
Бүгін жергілікті уақытпен сағат 09:30-ден бастап көктайғаққа байланысты жабылған жол ашылып, қозғалыс қайта жанданды.  Жүргізушілер мен жолаушылар сапарларын  одан әрі жалғастырды.
Қазіргі таңда республикалық маңызы бар тасжолда полиция қызметкерлері тәулік бойы күшейтілген түрде жұмыс жасауда.  
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<