Жаңақорғанда кәсіпкерлік қарқын алды

308

0

Жаңақорған ауданының әкімі Сұлтан Мақашовтың халық алдындағы есепті кездесуі өтті. Оған «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназарова, басқарма басшылары, аудан тұрғындары қатысты.

Уран, полиметалл кен­де­­рі­нің молдығымен ерек­ше­­­леніп, өнеркәсіп саласын қа­­лып­тастыр­ған аудан қазір кә­сіп­керлікті дамытуға күш салуда. Бүгінде кен өндіру саласында 10 мекеме жұмыс жасаса, оның екеуі шетелдіктердің қатысуымен уран өндіреді. Ал бизнес бастаймын деген жұртшылыққа жаппай кә­сіп­керлікті дамытудың үш жылдығы аясында жасалған жұмыстар үлкен қолдау болды.

– Өткен жылдың 1 қаң­тарын­да 3952 кәсіпкерлік субъектісі тіркелсе, 1 желтоқсанында 4677-ге жетті. Оның 4500-і белсенді кәсіпкерлік нысанын құрайды. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі – 96,2 процент. Мұнда жұмыспен қамтылған адамдар саны – 6912 адамға жетіп, 28865 млн теңгенің өнімі өндіріліп, түрлі қызмет көрсетті. Тұр­ғындар арасында жеке бизнес­тің тиімділігін түсініп, кәсіп­кер­лікпен айналысуға ниеттілер саны артып келеді. Оны мем­ле­кет­тік бағдармаларға қаты­су­шы­лар санының артуынан көруге болады. «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша биыл 90 адамды оқыту жос­пар­­­ланса, бүгінде 210 адам оқып, сертификат алды, – деді С.Мақашов.

Аудан бойынша индустрия­лық-инновациялық дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы аясында респуб­ликалық индустрияландыру картасына 1, өңірлік индустрия­ландыру картасына 1 жоба енгізілген. Айталық, «Шалқия Цинк ЛТД» АҚ кен байыту фабри­касын салу жұмыстарын іске асырса, «Қызылорда AGROPlus» ЖШС томат пастасын өндіру жобасын қолға алмақ. Осы мақсатта Бесарық өңірінен 2995 гектар жер рәсімделген.

Жиында аудан басшысы алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды да атап өтті. Осы жылы «Орда-Сығанақ» ЖШС шипажайы толық іске қосылып, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізінде В санаттағы «Жан-Арай» ЖШС жол бойы қызмет көрсету кешені іске қосылады.

Ауданда агро өнеркәсіптік ке­­шен­ді да­мыту, ауыл шаруа­шы­­лығы өнім­дерін өндіру бо­йын­­ша да бірқатар жұмыс­тар атқарылған. Былтыр егіс нау­қа­нына дейін үлкен «Келін­тө­бе» магистралды каналы (КМК) са­ғасынан 12, «Су­мағар» каналы 17, «Су­нақата» магистралды каналынан 5 шақырым толық тазаланды.

Мал шаруашылығында қар­қынды өсім бар. Айта кетейік, биылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша мүйізді ірі қара өткен жылмен салыстырғанда 101,7 процентке өскен. Мұнан өзге де мал басы бойынша осындай өсім байқалады. 

Көп ұзамай Жаңақорғанда бірнеше жаңа білім нысаны пайдалануға берілмек. Аудан әкімі Жаңақорған кентінде 600 орындық №169 орта мектептің құрылысы басталғанын, биыл «Май бекеті» шағын ауданынан 300 орындық мектеп бой көтеретінін, ал Жаңарық елді мекеніндегі 300 орындық мектепті мемлекеттік-жеке­мен­шік әріп­тес­тік негізінде жүргізу үшін жоба әзірлеуге келісім жасал­ғанын айтты. Сондай-ақ, Шал­қия кентіндегі №86 орта мек­тебіне күрделі жөндеу жүргізілмек.

Жаңақорғанда Жастар жылы аясында бүгінгі буынды кәсіпкерлікке бейімдеу жұ­мыстарынан бөлек, ауыз толтырып айтарлықтай шаралар ұйымдастырылды. Айталық, Ақүйік ауылдық округінде облыс­тық жастар слеті, Бес­арықта «Жастар Отанға» атты республикалық жастар лагері өтіп, шара креативті идеяларды талқылау алаңына айналды. Бүгінде ауданда құрылған «Жаңарған Жаңақорған жас­тары» еріктілер тобы да елге белгілі. Қайтарым күтпестен жақ­сылық жасайтын жүзге жуық адамды біріктірген топ тұ­рақ­ты түрде 5 бағытта жұмыс ат­қарады. Еңбектің ескерусіз қал­майтыны анық, былтыр ерік­тілер тобы «Жылдың үздік ұйымы»  атанды.

Айдана ЖҰМАДИНОВА.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<