Талдықорғанда оқушы қыз 16-қабаттан құлап көз жұмды

394

0

Фото: Алина Тулеубаева/Kazinform

Оқиға 16 мамыр күні кешкі жеті шамасында, Болашақ шағынауданында болған. Жасөспірім 16-қабаттан секіріп, көз жұмды.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, марқұм қаладағы жекеменшік мектептердің бірінде 11-сыныпта оқыған. Анасының айтуынша, бойжеткен өзін жайсыз сезініп, үйінде ауырып жатқан.

«Сабақ үлгерімі жақсы, мінезі тұйық, сыныптастарынан оқшауланып жүретін, мектепішілік есепке алынбаған. 21 мамыр күніне ҰБТ тапсыруға тіркелген. Әлеуметтік жағдайы орташа, көпбалалы отбасы, отбасындағы 4-ші бала. Сабаққа келмеген күндеріне денсаулығына байланысты анықтама әкелетінін ескерткен», — дейді облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр. 

Қыздың көпқабатты үйден құлау фактісі бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу басталған.

«Сотқа дейінгі тергеу деректері Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды», — деді Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<