Қызылордада жеңіл көлік автобуспен соқтығысып, 6 адам жапа шекті

208

0

Қызылорда қаласындағы Әлихан Бөкейхан және Елеу Көшербаев көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан 6 адам медициналық мекемеге жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 08.30-да орын алды. «Toyota Camry» маркалы автокөлік бағдарлы автобусқа жол бермей, екеуі соқтығысып қалған. Салдарынан 6 адам медициналық мекемеге жеткізілді. Қайтыс болғандар жоқ. «Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу жағдайы көрсетілген. Тиісті сараптамалар тағайындалды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<