Назарда – әлеуметтік нысандар

1125

0

Кеше облыс әкімінің жұмыс сапары түстен кейін Қармақшы ауданы мен Байқоңыр қаласында жалғасты. Өңір басшысы әуелі Төретам кен­тіндегі  №22 35/10 кВ қосал­қы станциясын кеңейту және қайта құрылымдау жобасымен та­нысып, аудандық білім бөлі­міне қарасты №277 мектеп-лицейде болды.

Сонымен қатар, Байқоңыр қаласындағы 50 пәтерлік 5 тұр­ғын үй назарға алынып, «Нұрлы жер» бағдарламасы ая­сында қалада көппәтерлі тұр­ғын үйлер құрылысын жал­ғастыру бойынша жұ­мыс­тар пысықталды. Бүгін­гі күні жалпы құны 3,2 млрд теңге құрайтын, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған тағы 5 тұрғын үйдің жоба-сметалық құжаттамасы дайын көрінеді. Құрылысқа қаражат бөлу мақ­сатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму ми­нистрлігіне бюджеттік өті­нім де ұсынылған. Тұрғын үйлер­дің құ­рылысына 5 гектар жер бөлінген.

Сондай-ақ, Байқоңыр қала­сындағы көпбейінді ауруха­нада болған облыс басшысына бас дәрігер Жандос Әділхан медициналық көмек көрсету жұмыстарын баян етті. Ауру­хана фойесінде жаңадан жұ­мысқа қабылданған дәрігер­лермен пікірлесу болды.

Облыс әкімі сапар бары­сында Байқоңырдағы Мәңгілік алау және интернационалист жауынгерлерге арналған ес­керт­кішке гүл шоғын қойып, саябақты абаттандыру жұмы­сының нәтижесін де көрді.

Мұнан кейін Жосалы кентіне келген облыс басшысы индустриялық аймақта орна­ласқан «Мир-2001» ЖШС-ның бетон бұйымдарын шығару цехының жұмысымен танысты. Одан кейін «Жосалы 220/35/10 кВ» қосалқы станциясына және газ реттегіш пунктке аялдады.

Қармақшыда бүгінге дейін тартылуы тиіс 163 шақырым газ құбырының 133  шақырымы жүр­гізілген. Жобада қаралған 6 газ реттегіш пункттің 3-і салынған.

– Былтыр Жосалы кентін газ­дандыру жұмыстарын бас­­тағанбыз. Қазіргі таңда бөлін­ген 3 млрд 200 млн теңге қар­жының 1 млрд 700 млн теңгесін игердік. Қалған қаржы тамыз айына дейін толық жұм­салатын болады. Барлық материалдар жеткілікті, бұйырса, қыркүйек айында газ аудан орталығына келеді, – деді облыстық энер­гетика және тұрғын үй-ком­муналдық шаруашылығы бас­қармасының басшысы Медет Усаин.

Сонымен қатар басқарма басшысы аудандық электр тара­ту торабы мекемесінің стан­циясына жүргізіліп жатқан құрылыс жұмысын да айтып өтті. «Жосалы 220/35/10 кВ» қосалқы станциясында 1969 жылы пайдалануға берілгеннен бері қайта жаңғырту жұмыс­тары жүргізілмеген. Былтыр ми­нистрліктен қолдау тауып, 1 млрд 600 мың теңге қар­жысы бөлінген нысанның бар­лық жабдықтары түгелдей жаңар­тылмақ. Станция жұ­мысы қыркүйек айында толық бітеді.

Айта кетейік, бүгін облыс әкімінің жұмыс сапары Қармақ­шы ауданында әрі қарай жалғасады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<