Көлеңкелі экономиканың кедергісі көп

1354

0

Фото автордан

ҚР ҚМА Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп тексеру департаментінде облыс әкімінің орынбасары  Данияр Жаналиновтың төрағалығымен  көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша комиссияның бірінші отырысы өтті.

 Онда көлеңкелі экономика саласындағы қылмыстардың алдын алу шаралары және оның шешу жолдары, облыс халқын ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі жобаларды іске асыру аясында бюджет қаражатының тиімді игерілуінің тәуекелдері әрі оны шешу жолдары мәселелері қаралды.

Шараның басты мақсаты – көлеңкелі  экономика деңгейіне әсер ететін проблемалық мәселелерді шығару, көлеңкелі экономиканың алдын алу, Мемлекет Басшысы мен Агенттік Төрағасы жүктеген міндеттерді шешу.

− Мемлекет Басшысы Үкімет пен Қаржылық мониторинг агенттігінің алдына көлеңкелі экономиканың үлесін 2025 жылға қарай 15%-ға дейін төмендету бойынша стратегиялық міндет қойды. Оны іске асыру үшін Агенттік Көлеңкелі экономикаға қарсы іс – қимыл жөніндегі іс-шаралардың 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспарын (бұдан әрі- Кешенді жоспар) әзірледі. Соның негізінде өңірде түрлі жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда өңірлер мен салалар бөлінісінде көлеңкелі экономиканың болжамды көрсеткіштері Мемлекет Басшысының 2018 жылғы 15 ақпандағы №636 Жарлығымен бекітілген Қазақстанның 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының Стратегиялық көрсеткіштер картасында көзделген.

Тізбе көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстағы прогресті көрсететін 10 көрсеткіштен тұрады және стратегиялық көрсеткішке қол жеткізген кезде әрбір мемлекеттік органның, сондай-ақ өңірдің үлесін айқындауға мүмкіндік береді, − дейді Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының міндетін атқарушысы Арман Джанадилов.

Жиын соңында комиссия отырысына қатысушылар қылмыстық істердің алдын алуда, көлеңкелі экономиканың зардабын халыққа түсіндіруде бірігіп жұмыс жасауға келісті.

Мейрамгүл Дауылбайқызы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<