ҚР Қарулы Күштері төтенше жағдайларды жоюға тартылады

568

0

ҚР Қарулы Күштеріндегі әскер төтенше жағдайларды жоюға тартылмақ. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлиге сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінде Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Юрий Ильин мен Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаевтың кездесуі өтті. ТЖМ және Қорғаныс министрлігінің басшылары Төтенше жағдайды алдын алу және жою бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында ТЖ жоюға байланысты міндеттерді жедел шешу үшін табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ қаупі және оның туындауы кезінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қолдану алгоритмін әзірлеу туралы мәселе қаралды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде дағдарыс жағдайларында жедел әрекет ету және басқару тактикасы бойынша толық білім алу үшін ТЖМ басқару органдарының басшы және ғылыми – педагогикалық құрамын оқыту мәселелері талқыланды. Ұлттық қорғаныс университеті базасында «Азаматтық қорғау» кафедрасын құру мәселесі талқыланды. Оның қызметіне ТЖМ мамандары тартылатын болады.

Қорғаныс министрлігінің жоғары оқу орындарында радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау, сондай – ақ байланысты ұйымдастыру мамандығы бойынша құтқарушыларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру жоспарда бар. Өз кезегінде ТЖМ Қарулы Күштердің өртке қарсы қызметі әскери қызметшілерін ТЖМ Көкшетау техникалық институтында курстық даярлықтан өткізуді қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<