Ақынның 90 жылдығына арналған отбасылық эстафета аяқталды (видео)

1159

0

Қызылорда НЗМ: Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған отбасылық эстафета аяқталды

Бүгін қазақ поэзиясының мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл. Мерейтой қарсаңында Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Зияткерлік мектеп оқушысына оқуға ұсынылатын 100 кітап» жобасы аясында ата-аналар мен оқушылар отбасылық жыр эстафетасына қатысты.

Қазақ өлең сөзінің зергері Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына 90 ата-ана мен оқушы қатысып, ақынның тәрбиелік мәні зор 50-ден астам шығармасын жатқа оқыды. Сондай-ақ, сөзіне жазылған әндерді бірге орындап, әлеуметтік желі арқылы ақын шығармашылығын насихаттады.


– Қазақ сөз өнерінің зергері деп танылған қаламгер еңбектері адалдық пен жан тазалығына, шынайылыққа үндейді. Оқушылар мен ата-аналарды ақынның шоқтығы биік шығармаларымен таныстыра отырып, ақын өлеңдеріндегі елжандылық, құрмет, сүйіспеншілік құндылықтарын өскелең ұрпаққа дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды, – дейді жоба координаторы Ақбота Жұмабаева.


Қатысушылардың жұмыстары #Мұқағалиға90жылnis хэштегімен әлеуметтік желілерде жарияланды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<