Қармақшыда жас ақындар айтысы өтті

1251

0

8 наурыз – Халықаралық әйел-аналар мерекесіне орай «Аналар – асыл жандар, ардақтылар» атты Қармақшы ауданында жас ақындар айтысы өтті.


Айтыста карантиндік талаптар қатаң сақталып, көрерменсіз өткізілді. Аудандық жас ақындар айтысына кент орталығы мен елді-мекендерден барлығы 8 ақын қатыстырылып, сөз маржанымен айтыстың сан қырлы бояуын қанықтырып, ұлтымыздың бай тілінің сөз кестесін төгілдіре айтып, үздік өнер көрсетті.

Арнайы дайындалған әділқазылар алқасының шешімімен Қайыржанұлы Санжар (№107 мектеп), Ескергенов Даниял (№275 мектеп), Хамитова Айым (№26 мектеп) және осы айтыстың ең жас ақыны Мейрамбекұлы Нуриддиндер (№121 мектеп) алғыс хатпен марапатталса, айтыстың 3 орыны Орынбасаров Ердаулетке (№250 мектеп-лицей) бұйырды. Ал 2 орынды Жаулыбаева Қаламқас (№183 мектеп), 1 орынды Карабдинов Қайсар (№250 мектеп-лицей) иеленді. Айтыстың бас жүлдесін тұрмағамбеттік ақын Смайылұлы Бекқанат (№29 мектеп) «Тұрмағамбет» ақын үйірмесінің шәкірті қанжығасына байлады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<