Қазақстанда коллекторлардың этикасы туралы кодекс қабылданды

1003

0

Елімізде алғаш рет коллекторлардың кәсіби этикасы туралы кодекс қабылданды. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу агенттігінің баспасөз қызметіндегілер мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business.

Құжаттың басты мақсаты – борышкерлерді коллекторлардың заңсыз әрекетінен қорғау. Жаңа кодекс бойынша, коллекторларға қарыз алушының жеке деректерін таратуға қатаң тыйым салынады. Сондай-ақ, өзі туралы өтірік айтуға болмайды және өндірілген қарызды қолма-қол ақша түрінде алуға құқы жоқ. Егер коллекторлар кодексті бұзса, онда әкімшілік және қылмыстық жаза қолданылуы мүмкін.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<