Бүгін, жұмада Қытайдың оңтүстік-батысындағы Чунцин қаласының Цзянцзинь ауданында орналасқан ежелгі Чжуншань ауылында өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Өрт сағат 11:35-те басталған, көптеген ағаш үй отқа оранды.
«Оқиға орнына өрт сөндірушілер жіберіліп, тұрғындар эвакуацияланды. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы хабарламалар түскен жоқ», – деп мәлімдеді жергілікті билік.
Өрттің себептері анықталуда.
Ежелгі Чжуншань ауылының тарихы 800 жылдан асады. Ол Қытайдың туристік нысандарының рейтинг жүйесінде екінші тұратын 4A класты ұлттық туристік аймақтардың қатарына кіреді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<