«Суши» ме әлде «суси» ме?

998

0

Қазіргі кезде «суши» деп аталатын жапон тағамы бәрімізге таныс. Экзотикалық ас түрін сүйіп жейтіндер бізде де бар. Кафе-мейрамханаларда тапсырыс көп түсетін тағам жайлы қызықты мәліметтермен бөліскенді жөн көрдік. «Суши» сөзі жапондықтарда «суси» деп аталады екен.

Ол кейін еуропалықтар мен орыс халқының тілдік ерекшелігіне орай өзгеріп кеткен. Ең ежелгі тағам балық маринадтау арқылы дүниеге келген. Шығыс халқы күріш пен балықты тұздап, қатты таспен бастырып қояды екен. Оны 1 жылдан соң жеуге мүмкіндік болған деседі.

Жапония елінде бұл тағамды әзірлеудің шебері атану үшін 10 жыл уақыт керек. Ал қазіргі кезде екі жылдық арнайы білімі бар адамды  ғана жұмысқа қабылдайды. Экзотикалық тағамды дайындау жеңіл болғанымен, оны кесу ең қиынның қиыны. Сушиді турайтын пышақ өте өткір алмас секілді болуы қажет. Бұл асты тек таяқшамен жеу керек десеңіз қателесесіз. Таяқшаны тек соусқа батыру мақсатында пайдалануға болады. Дүкен немесе кафе-мейрамханаларда ұсынылатын васабилер нағыз түрі емес.

Нағыз васабидің бағасы 200 доллар шамасында тұрады. Васаби бұл – тамыр. Ол шикі балықтан ұшынып қалудың алдын алады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<