Президент әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы көтерілуін сынға алды

1070

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын ұстап тұру жұмысын сынға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру құралдары тиімсіз болып отыр. Жергілікті бюджеттен сауда желілеріне азық-түлік тауарларын арзанға сату үшін 30 млрд теңгеден астам іс жүзінде тегін қарыз бөлінді. Қазіргі жағдайда бұл шешім жаман емес. Алайда, бұл шараның нарыққа әсері 1-4% аралығында ғана», – деді Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Мемлекет басшысы тұрақтандыру қорларында да осындай жағдай екенін және нарықтағы тұрақтандыру қорлары өнімдерінің үлесі 4%-дан аспайтынын жеткізді.

«Фермерлерде өз өнімдерін сақтай отырып, форвардтық сатып алу құралы да жеткілікті іске қосылмаған. Әкімдер орталыққа бас шұлғып отырмауы керек, өңірлер үшін жауапкершілік өз қолдарыңызда, сондықтан Үкіметке «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, қолданыстағы құралдардың тиімділігін бағалауды және неғұрлым тиімді шаралар пакетін ұсынуды тапсырамын»,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<