Облыс әкімінің 98 грант иегері анықталды

880

0

Биыл облыс әкімі мектеп бітіруші түлектердің жоғары оқу орнынан білім алуы үшін 100 грант тағайындады. Қызылорда қаласы мен аудандарда құрылған арнайы комиссия өтініш берген 138 үміткердің құжаттарын қарап, нәтижесінде барлығы 98 грант иегері анықталды.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағ­дарламалар басқармасы бас­­шысының орынбасары Мей­­рамбек Әбдукаримов мәлім­деді.

Әкімдік жанынан құ­рыл­­ған арнайы комис­сия­ның шешімімен облыс әкі­мінің гранты еліміздегі үздік 4 жоғары оқу орнына бөлінді. Қорқыт ата атын­дағы Қызылорда универ­ситетіне – 67, «Нұр-Мү­барак» университетіне – 6, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетіне – 11, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетіне 16 түлек тегін білім алуына мүмкіндік алды. Әкім грантын иеленгендердің 57-сі көпбалалы отбасынан, 18-і тұрмысы төмен отбасынан, 11-і асыраушысынан айырылған отбасынан, 9-ы ата-анасының біреуі мүгедек, 1-і «Атамекен» балалар үйінің тәрбиеленушісі, 2-уі мүгедек бала.

Сонымен қатар, тағайын­далған гранттар бойынша білім беру саласының математика, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті, шет тілі, биология, денешынықтыру және спорт, бастауышта оқы­ту педагогикасы мен әдіс­темесі мамандықтарына – 38 грант, өнер саласы бойынша дәстүрлі музыка өнері, хореография мамандығына – 7 грант, ақпараттық қауіпсіздік жүйесіне – 2 грант, азық-түлік өнімдерін өндіру технология­сына – 1 грант, инженерлік желілер мен жүйелерге – 5 грант, су ресурстары және суды пайдалануға – 1 грант, кадастр және жерге орналастыруға – 1 грант; журналистика және репортер ісіне – 10 грант, дінтанушы мамандығына – 6 грант, медицина саласы бо­йынша жалпы медицинаға 27 грант тағайындалды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<