Ақтөбе: Сабақ кезінде шіркейге қарсы улау жүргізілген

870

0

Ақтөбеде сабақ кезінде ұсақ шыбындарға қарсы улау жүргізуге рұқсат берген мектеп директорына қатаң сөгіс берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«№9 мектеп-гимназияның директоры қалалық білім бөліміне дезинфекция жүргізілетіні туралы хабарламады. Оқу процесі кезінде дезинфекциялық жұмыстар жүргізгені үшін мектеп директорына қатаң сөгіс берілді. Облыстық Білім басқармасының басшысы мектеп әкімшілігімен жиналыс өткізіп жатыр. Қосымша ақпарат беріледі», – деді қалалық білім бөлімінің басшысы Метгүл Қосымбаева.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<