Балалар ауруханасының мерейлі белесі

1070

0

Сейсенбіде «Балалар жылы» аясында  көпбейінді облыстық балалар ауруханасының 60 жылдық мерейтойына арналып ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Мақсаты – балалар денсаулығын нығайту, аурушаңдықтың алдын алу және салааралық байланысты нығайту. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Балжан Шәменова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов, КОБА құрметті директоры, сала ардагері Тұрғанбай Маханов қатысты. Облыс әкімінің орынбасары Балжан Шәменова аурухана ұжымын құттықтады және  медицина қызметкерлерін облыс әкімінің, алғыс хаттарымен марапаттады.

Шара соңында «Бақытты балалықтың құтты мекені» кітабының тұсау кесер рәсімі өткізіліп, қатысушылар назарына ұсынылды. Сонымен қатар қонақтар жыл басында ашылып, бүгінде қарқынды жұмыс істеп жатқан «Қамқорлық» оңалту орталығымен танысып, жергілікті дәрігерлердің емдеу іс-тәжірибелерінен баяндамалар тыңдады.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<