Темірдей тәртіп ошағында

567

0

Зейнегүл Жанабаева − ​Қызылорда қалалық полиция басқармасының тергеу бөлімінің жетекші маманы. Ол он жылдан аса бір жерде табан аудармай жемісті еңбек етіп келеді. Семей облысында дүниеге келген ол 1990 жылдан бастап ішкі істер саласында қызмет атқарып жүр. Темірдей тәртіп ошағына келуіне отағасы Бейсенбай Жанабаев себеп болыпты. Екеуі бірге ішкі істер саласында бірге қызмет атқарып, жары Қызылорда облысы бойынша Өзіндік қауіпсіздік басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі қызметінен зейнетке шыққан. Зейнегүл құқық қорғау органдарында қызмет ете жүріп, отбасын, ұрпақ тәрбиесін қатар алып жүрен аяулы жан.  

− Бала күнінен қыздарым Әлия, Жансая мен ұлым Нұрсұлтан әкелерінің қылмысқа қарсы күрес туралы әңгімелерін тыңдап өсті. Оны жұмыстан асыға күтетін.  Есейген шақта олар өз жолдарын таңдады. нақты кезеңде олар әр саланың маманы. Егер бала кішкентайынан құқық қорғау саласы туралы жетік біліп, көріп өссе онда олар полицейлердің қандай қызмет атқаратындығын ерте түсінеді. Балалар біздің жұмыстың ерекшелігін жақсы білді, ата-анасының ерте кетіп, кеш келуі олар үшін қалыпты жағдай болды. Балалар өсіп, жақындарымыз да  жұмысымызды  қолдап, өмірде сәттілік пен бақытқа кенелдік. Менің қызметте абыройға бөленуім отбасымның шапағаты, − дейді Зейнегүл Хабасқызы.

Гүлбану МАҚАЖАН

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<