Қызылордалық балуан чемпион атанды

1063

0

11-13 наурыз аралығында Түркістан облысында парадзюдодан Қазақстан чемпионаты өткізілді.


Аталған жарыста қызылордалық Олжас Оразалыұлы жоғары нәтижеге қол жеткізді. Ол 73 келіде ақтық кездесуде Токио паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері Дәулет Теміржанмен шеберлік байқасқан еді. Азулы қарсыласын жеңген жерлесіміз өз салмағында чемпион атанды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<