EURO – 2024: Швейцария мен Германия тең түсті

1274

0

Фото: ашық дереккөз

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының оныншы ойын күні, 23 маусымда А тобында үшінші тур ойындары өткізілді, – деп хабарлайды Қазақпарат.

Алғашқы турда Германия Шотландия 5:1, Швейцария Венгрияны 3:1 есебімен жеңді.
Екінші турда Германия Венгрияны 2:0 есебімен тізе бүктірсе, Шотландия мен Швейцария 1:1 есебімен тең ойнады.

Швейцария мен Германия арасындағы матч тартысты өтті деуге негіз бар. Әдетте жанкүйерлер «неміс машинасы» атанып кеткен Германиядан жеңіс күтеді. Сондай-ақ құрлықтық дода биыл өз жерінде өтіп жатыр. Жанкүйерлер алдында жеңілмеуге тырысатыны белгілі.

Десе де бұл ойында аталған құрамаға Швейцария тегеурінді қарсылық көрсетті. Тіпті алғашқы голды швейцариялық футболшылар соғып кетті. Олардың қатарынан Дан Ндой 28-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. 

Ойынның 92-минутта германиялық Никлас Фюллькруг таразы басын теңестірді.

Осылайша құрамалар 1:1 есебіне қанағат білдірді. 

Бұл топта Германия бірінші, Швейцария екінші орын алып, плей-офф сатысына шықты. 

Аталған топтағы тағы бір кездесуде Шотландия мен Венгрия шеберлік байқасты. Негізінде Шотландия құрамасы әлі де плей-офф сатысына шығудан үміт үзе қойған жоқ болатын.Ол үшін бүгінгі кездесуде тең жеңіске жету маңызды еді. 

Ойында венгриялық Кевин Чобот 99-минутта жеңіс голын соғып кетті.

Нәтижесінде Венгрия қарсыласын 1:0 есебімен тізе бүктірді.

Айта кетсек, енді 24 маусымда В тобында Хорватия мен Италия, Албания мен Италия құрамалары кездеседі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<