Көпшілік дауыс жинаған «Әділет» партиясына қойылатын талап аса жоғары — Президент

5

0

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Бүгін ҚР Құрылтайының бірінші сессиясының ашылуында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайда конституциялық көпшілікті құраған «Әділет» партиясына қатысты пікір айтты.

— Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін ең ұтымды шешімдер Үкіметтің жұмысында ескерілуге тиіс. Сайлауда «Әділет» партиясы басым дауыспен жеңіске жетіп, Құрылтайда конституциялық көпшілікті құрап отыр. Сондықтан «Әділет» партиясына қойылатын талап та, артылатын үміт те, сенім де аса жоғары. Осы орайда, қоғамды ортақ мүддеге ұйыстырып, реформалардың қозғаушы күші болу өте маңызды. Бұл міндет ойдағыдай орындалады деп сенемін, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.