Бүгін, 2026 жылғы 28 тамызда Мемлекет басшысы бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайы бірінші сессиясының ашылуына қатысады.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрылтай отырысындағы сөзі сағат 11.00-де республикалық телеарналар мен әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда тікелей эфирде көрсетіледі.






