Үлкен құрылысқа қомақты инвестиция қажет — Президент

5

0

Фото: Ақорда

Шетелдік инвесторлар құйған қомақты қаржы нәтижесінде еліміздің барлық өңірінде жаңа өндіріс нысандары мен жұмыс орындары ашылып жатыр. Бұл туралы бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың бірінші сессиясын ашқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Президенттің айтуынша, экономикада іргелі реформалар қолға алынды. Азаматтардың әл-ауқатын арттыру басты міндет ретінде белгіленді.

Индустрияландыру қарқын алып, экономиканың жаңа өндірістік негізі айқындалып келеді.

— Мемлекет және шетелдік инвесторлар құйған қомақты қаржының нәтижесінде барлық өңірде жаңа өндіріс нысандары мен мыңдаған жұмыс орны ашылып жатыр, — деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.


Қазақстанда халық тұрмысы мен экономикалық өсім үшін аса қажетті коммуналдық, көлік, энергетика және су инфрақұрылымдарын жаңғырту үдерісі басталды.

— Сіздер, депутаттар, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары кезінде ел ішін аралап, Қазақстанның бірте-бірте алып құрылыс алаңына айналып келе жатқанына куә болдыңыздар. Алайда үлкен құрылысқа қомақты инвестиция қажет. Мемлекет те бұдан тыс қалмауға тиіс, — деді Мемлекет басшысы.