Бірінші шақырылымдағы Құрылтай: Президент бірінші сессиясын ашты

8

0

Фото: Ақорда

Бүгін Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен бірінші шақырылымдағы ҚР Құрылтайының бірінші сессиясы ашылды.

Атап айтқанда, жақында Орталық сайлау комиссиясында 2026 жылғы 23 тамызда өткен Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлаудың қорытындылары жарияланды. 

Бюллетеньдерді санау қорытындысы бойынша сайлаушылардың дауыстары төмендегідей бөлінді:

– «Әділет» партиясы — 6 528 948 дауыс немесе 71,17%;
– Жалпыұлттық социал-демократиялық партия — 469 058 дауыс немесе 5,11%;
– Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы — 97 751 дауыс немесе 1,07%;
– Қазақстан Халық партиясы — 285 395 дауыс немесе 3,11%;
– «Ауыл» партиясы — 574 621 дауыс немесе 6,26%;
– «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы — 478 083 дауыс немесе 5,21%;
– «Respublica» партиясы — 509 631 дауыс немесе 5,56%;
– «Бәріне қарсымын» — 230 446 дауыс немесе 2,51%.

Бұл ретте, сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес сайлаушылардың 5 және одан да көп пайыз дауысын жинаған бес саяси партия арасында депутаттық мандаттар айқындалды. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының 145 мандаты төмендегідей бөлінді:

– «Әділет» партиясы — 110 мандат;
– Жалпыұлттық социал-демократиялық партия — 8 мандат;
– «Ауыл» партиясы — 10 мандат;
– «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы — 8 мандат;
– «Respublica» партиясы — 9 мандат.