Қызылорда облысының Полиция департаментінде есірткі қылмысының алдын алу және оған қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері талқыланған кезекті кеңес отырысы өтті. Жиынға департамент бастығы Серік Ергешов Жүрсінбайұлы төрағалық етті.
Кеңестің басты мақсаты – нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алу, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және осы бағыттағы профилактикалық жұмыстарды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңінен насихаттау. Сонымен қатар қоғам белсенділерін, мәдениет қайраткерлерін, еріктілерді жұмылдыра отырып, есірткіге қарсы іс-қимыл шараларын күшейту көзделген.
Отырысқа “Аманат” партиясы жанындағы “Жастар рухы” жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Әсетхан Қазиханұлы, Қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Медет Жорабек, Қорқыт Ата және “Болашақ” университетінің өкілдері, әлеуметтік желі белсенділері қатысты.
Жиында Серік Ергешов жастар арасында нашақорлықтың таралуына жол бермеу мәселесіне ерекше тоқталып, есірткіге қарсы профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп, олардың тиімділігін арттыру қажеттігін атап өтті.
«Есірткі қылмысына қарсы күрес – тұрақты әрі жүйелі жұмысты талап ететін маңызды бағыт. Басты міндет – есірткінің таралуына жол бермеу ғана емес, оның зардабы туралы қоғамға, әсіресе жастарға нақты әрі түсінікті ақпарат жеткізу. Бұл ретте профилактикалық жұмыстарды күшейтіп, жастарды салауатты өмір салтына баулуымыз қажет.





