«Мигрант» жедел алдын алу акциясы

1001

0


Қызылорда станциясының желілік полиция бөлімінің қызметкерлері AMANAT партиясы Теміржол филиалының өкілімен бірге теміржол вокзалының қызметкерлері мен жолаушы азаматтарының қоғамдық көңіл –күйін саралау және «Мигрант» жедел алдын алу акциясы аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.


Басты мақсат шетелдіктердің елге келіп кетуі және елде болу ережесін сақтауы болып табылды. Міне осы бағытта көші-қон заңнамасын сақтауда шетелдіктер мен қабылдаушы адамдар арасында ақпарататтық түсіндіру, заңсыз келген және осында тұрып жатқан шетелдіктерді , заңсыз көші –қон арналармен оларды ұйымдастырушыларды анықтау мақсатында Қызылорда станциясынан өтетін поездардағы жолаушылармен кездесіп, заң жүзінде егжей-тегжейлі ақпараттар берілді. Мұның барлығы жолаушылардың құқықтық және ақпараттық сауаттылығын арттыру, мүмкін болатын әлеуметтік шиеленісті ықтимал ошақтарын анықтау және оның алдын алу мақсатындағы рейдтік ісшара болатын. Одан бөлек құқық және заң бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік және бөтеннің мүлкін ұрлаудың алдын алу бойынша жолаушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Акция барысында көліктегі ішкі істер Департаменті арнайы дайындаған жолаушы азаматтарының жолда сергек және мұқият болуын назарда ұстау керектігі жөнінде жаднамалары таратылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<