Мектеп оқушылары арасында ұлттық ойындар сайысы өтті

1164

0

«Балалар жылына» орай Қызылорда қаласының әкімдігінің ұйымдастыруымен қала және шет аумақтардағы балалар мен жасөспірімдерді кешенді мәдени-спорттық шарамен қамту мақсатында 5 сәуірден бастап ұлттық спорт түрлерінен сайыс өтуде.

Бүгін аталған жарыс Батырхан Шөкенов атындағы саябақта жалғасып, қала әкімінің орынбасары Бектас Нұридинов барша жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Шара қаламыздың 7 аумағында, яғни қала орталығы, «Ақмаржан», «Титов», «Сырдария», «Мерей»,

«Әл-Фараби» және «Сол жағалау» тұрғын аудандарындағы 800-ден аса мектеп оқушыларын қамтыды.

Жарыс барысында оқушылар қол күрес, арқан тартыс, гір көтеру, бесасық, тоғызқұмалақ, ләңгі тебу, асық ату секілді спорт түрлерінен жарысқа түсіп, өзара мықтыларды анықтады.

Әрбір сайыстың жеңімпаздарына қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің мадақтамалары мен медальдары табысталды.

Сайыспен қатар, қала өнерпаздарының концерттік бағдарламасы ұсынылып, Б.Шөкеновтың репертуарындағы әндер шырқалды. Сондай-ақ, мектеп оқушылары арасында асфальтқа сурет салудан “Көңілді палитра” атты қалалық байқау өтті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<