Білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық туралы меморандум жасалды

984

0

26 сәуір күні «Өрлеу» Қызылорда филиалы мен Қызылорда қаласындағы бірқатар білім беру ұйымдары арасында өзара ынтымақтастықты және әріптестікті нығайту туралы меморандум жасалды.

Келісімге филиал директоры Бауыржан Елеусінов пен С.Сейфуллин атындағы №4 IT мектеп-лицейінің директоры Алмат Рахметов, Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейінің директоры Асылбек Мақашев, Ғ.Мұратбаев атындағы №171 орта мектебінің директоры Бекзат Ибраев қол қойды.

Кездесу барысында филиал директоры білім ұйымдарының басшыларымен оқу-әдістемелік, ғылыми тұрғыда іс-шаралар өткізуге келісімдер жүргізіп, бірқатар ұсыныстар мен мәселелерді талқылады.

Меморандум аясындағы өзара ынтымақтастық оқу үдерісінің практикалық бағыттылығын күшейтуге, білікті мамандарды даярлау сапасын жақсартуға, ғылыми-зерттеулер жүргізуге, авторлық, әдістемелік құралдар дайындауғабағыт беру және олардың нәтижелерін оқу үдерісіне ендіруге бағытталады.

Алдағы уақытта «Өрлеу» Қызылорда филиалы мен білім беру ұйымдары арасындағы тығыз байланыс жасаудыңнәтижесінде білікті мамандардың басшылығымен мектеп педагогтеріне әдістемелік кеңес беру қызметтері, ғылыми жобаларды дамыту, ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, ұйымның сұранысы бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытатын семинар, біліктілік арттыру курстарысынды бірқатар маңызды жұмыстар іске асырылатын болады.

Гүлхаят Махмутова,

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша

 кәсіби даму институтының

PR, SMM маманы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<