МРТ, ЭЭГ кабинеттері ашылды

735

0

Бүгін қала орталығы «ALEXEY SULTAN AKHMET» ЖШС емханасының филиалында МРТ және ЭЭГ диагностикасының кабинеттері іске қосылды.

Халық денсаулығын жақсартуда өзіндік үлесін қосатын кабинетті халық қалаулылары ашып, емхана жұмысына сәттілік тіледі. Енді бұл кабинеттер облыс тұрғындарына қызмет көрсететін болады.

Емхана пациенттер мен қызметкерлердің экологиялық қауіпсіздігін, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің сапасына ерекше көңіл бөледі. Мұнда МРТ зерттеулерін жүргізетін лаборанттар Нұрсұлтан қаласындағы Ұлттық кардиохирургия орталығында білім алған. Ал МРТ қорытындыларын Орал қаласынан жаңа «Siemens» құрылғысында жұмыс істеу тәжірибесі мол МРТ диагностикасының дәрігері оқиды.

МРТ аппаратының сипаттамасына келетін болсақ, бұл модельде келесі мүмкіндіктер бар:

– туннель ұзындығының қысқаруы (науқаста клаустрофобия ықтималдығы айтарлықтай төмендейді)

– семіздікпен ауыратын науқастармен, әртүрлі қосымша жабдықтары бар науқастармен жұмыс істеу кезіндегі жүйе мүмкіндіктері, жүк көтергіштігі 200 кг.

– WARP және Advanced WARP металл импланттарының артефактілерін азайтуға арналған бағдарламалар металлды импланттардың жанында сканерлеуге мүмкіндік береді.

– Сканерлеу кезінде емделушінің қозғалыстарын компенсациялау технологиясы бүкіл процедура барысында анестезиясыз қажетті қозғалыссыздығын сақтай алмайтын науқастарды жоғары сапалы тексеруге мүмкіндік береді:

• нәрестелер,

• клаустрофобиясы бар адамдар (жабық кеңістіктен қорқу),

• еріксіз қозғалыстары бар науқастар,

• қозғалыссыз күйде күшейген ауырсыну синдромы бар науқастар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<