Анықтама алу әп-сәтте

350

0

Қазақстанда цифрландыру үрдісі басталғалы бері, әр сала, әр мекеме ақпараттық технология мүмкіндігін пайдалануға көшті. Айталық, мекен-жай, мүліктің бар-жоғы сынды анықтама алу үшін жол жүріп, кезек күтудің қажеті жоқ. Демек, уақыт жоғалтып, жүйке жұқартпайсыз.
Өткен жылдан бастап құ­қық қорғау органдары да электронды форматта іс жүр­гізуге кіріскен. Бұл туралы өңірлік коммуникация­лар қызметінде өткен бри­­финг­те ҚР Бас прокура­ту­расы құқықтық статисти­ка және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті облыс­тық басқармасының бөлім бас­­тығы Мәди Әбішев айтты.
Қазір құқықтық статистика органдары 4 мемлекеттік қызмет  көрсетеді. Электронды қолтаңбаңыз болса, «электронды үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы соттылық, әкім­ші­лік құқықбұзушылық және  мұрағаттық туралы анық­та­ма аласыз. Бұл қызмет түр­лері тегін беріледі, тек рес­ми құжаттарды апостильдеу үшін ғана мемлекеттік баж 0,5 айлық есептік көр­сеткішті құрайды. Сондай-ақ, «соттылықтың бар болуы немесе жоқ екендігі ту­ралы анықтаманы беру» мем­­лекеттік қызмет­тің түрі то­лықтай автомат­тан­дырыл­ған.
–Сотталмағаны тура­лы анықтама Қылмыстық ко­декстің 79-бабының талабына сәйкес, соттылықтың жойыл­у есебімен беріледі. Қыл­мыстық қудалау қыс­қар­тылған, сот­тылық мерзім­дері өткен немесе алынған азаматтарға қатысты «сотты­лығы жоқ» деген анықтама беріледі. Қызмет көрсету 10 минут уақыт алады. Егер қосымша тексеру қажет болса, 3 жұмыс күніне созылады, – деді Мәди Қанатұлы.
Мұндай қызметті тіп­ті порталдың мобильді тү­рі бо­йынша смартфон­дар ар­қылы алу да қарас­ты­рылған.
Бүгінде әкімшілік құ­қық­­бұзу­шылықтар туралы мә­ліметтер тек қана «элек­тр­онды үкімет» веб-пор­талы арқылы электронды түрде берілсе, мұра­ғаттық анықтама алу де жеңілдетілген. Мұн­дайда «Аза­­маттарға арналған үкі­мет» мемлекеттік корпорациясы және веб-портал кө­мегін пайдаланасыз.
Бүгінде «Цифрлық Қазақ­стан» бағдар­ламасының ая­­сын­да Бас прокуратура бірқатар ақпараттық жүйе­лерді іске асыруды қолға алған. Соның бірі – «электронды қылмыстық іс жүйесі» құқықбұзушылық тіркел­геннен сот үкімі шық­қанға дейін сот процесінің барлық кезеңдерін цифр­лауға мүмкіндік береді. Өт­кен жылдан бастап теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар бойын­ша тергеу әрекеттері, биыл орташа ауырлықтағы қыл­мыстарды тергеу электронды форматта жүргізілуде. Ал 2021 жылдың соңына дейін қыл­мыстардың барлық санаттары бойынша тергеу амалдарын жүргізуді автоматтандыру жоспарланған.
Сонымен қатар, кәсіп­керлік субъектілеріне тек­серу­лерді азайту және ашықтыққа қол жеткізу үшін барлық мемлекеттік органдарда ТСОБТ ақпараттық жүйесі қолданысқа енгізіл­ген. Өткен жылдан бастап тек­серулер электронды түр­де тіркеле бастаған. Тексеру тіркелгеннен кейін кәсіпкердің ұялы телефонына «Сізге тексерумен келеді» мәтіні бойынша Push-хабарлама келеді. Ал кәсіпкер «Qamqor» мо­бильді қосымшасының  көме­гі­мен тексеруге кім қашан келе­тінін және тексеру пара­ғы­ның талаптарымен таныса алады.
Айдана ЖҰМАДИНОВА.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<