«Ауыл аманаты» – ауыл тіршілігіне дем берді

540

0

«Ауыл аманаты» жобасын іске асыру бойынша облысқа биылға 3 млрд теңге қаржы бөлінді. Сенім білдірген өкіл (агент) ретінде «Байқоңыр» ӘКК» АҚ анықталып, микрокредиттерді беру жұмыстары 20 шілдеден басталды.

Негізгі 5 бағыт белгіленіп, басымдық өңдеу, кооперативтерді дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында егін және мал шаруашылығы өнімдерін өндіруге бағытталды. Жобаны тиімді іске асыру және сүйемелдеу мақсатында әр аудан, кент және ауылдық округтерде жобалық топтар құрылып, 146 елді мекенде  скрининг жұмыстары толық жүргізілді.

Жалпы жеңілдетілген несиелендірумен облыстың барлық ауылдарын қамту мақсатында қаралған қаржы халық санына қарай тең бөлініп, әр ауданға өз лимиті қарастырылды.

Бүгінде әкімдіктер қаржыландыруға 3 млрд теңгенің 356 жоба құжаттарын тапсырып, несие комитеті 2,9 млрд. теңгеге 342 жобаны мақұлдады, 154 жоба бойынша 1,2 млрд теңге несие 18 кооператив және 136 жеке кәсіпкерге берілді. Берілген несиелер бойынша 306 жұмыс орны  ашылады.

Оның ішінде: егін шаруашылығы 21 жоба 162,8 млн теңге, мал шаруашылығы 35 жоба 398,4 млн теңге, техника мен жабдықтарды сатып алуға 16 жоба 156,5 млн теңге, басқа бағыттағы бизнес жобаларға 82 жоба 531,6 млн теңге.

«Ауыл аманаты» аясында облыс бойынша 50 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып, жұмыс жасауға ниет білдіріп отыр. Құрылған кооперативтер негізінен егін және мал шаруашылығына бағытталған. Бүгінгі күнге 18 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативке 375,9 млн теңге несие берілді.

Оның ішінде егін шаруашылығы бойынша 5 кооператив (2 жылыжай, 3 жоңышқа өндірісі), мал шаруашылығы 8 кооператив (6 асылтұқымды мал өсіру және 2 құс шаруашылығы), өңдеу бойынша 3 кооператив (1 томат пастасын шығару, 1 жүн өңдеу цехы, 2 аралас сүт, тауық өнімдерін және комбикорм шығару) және 2 кооператив қап және пескоблок өндірісіне бағытталған.

Шиелі ауданы «Байтерек» ауылдық округі бойынша «Barly Bai & K» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі «Томат пастасын шығару цехы» жобасымен бағдарламаға қатысып, 27,6 млн теңге несие алды. Бұл қаражатқа Ресейден қажетті құрал-жабдықтарын орнатып, сынақ ретінде бірінші өнім түрлері алынды.

Сырдария ауданы «Бесарық» ауылдық округінде «Сыр құсы» АӨК «Құс етін өндіру» жобасына 27,6 млн теңге алып, 2 құс фермасының ғимаратын салды, 3000 дана бройлер балапан күтімге алынды. Шөжелер 30-35 күн ішінде сойылып, 1,5-2 келі ет береді. Жоба бойынша құс фермасының үшінші ғимараты салынуда. Құс етін өткізу мәселесі шешілген.

Бұдан бөлек, құрылыс материалдарын, пластикалық және ағаш өнімдерін, жиһаз цехтарын ашу және қап шығару сияқты жобалар іске қосылады.

Егін, мал, омарта және балық шаруашылығын дамыту бойынша шағын жобаларды іске асыру жоспарлануда. Мақұлданған жобалардың басым бөлігі – жылыжай, жоңышқа, бау-бақша, көкөніс өндірісі. Мал шаруашылығы бағытында сүт және ет өнімдерін өндіру, асылтұқымды мал басын көбейту, тері мен жүн өңдеу жобалары қолдау тапты.

Облыстық ауыл шаруашылығы

 және жер қатынастары басқармасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<