Бар жақсылық балаларға

539

0

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Волонтерлік орталығының мүшелері «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілерін мерекемен құттықтады.

Еріктілер «Атамекен» балалар ауылының аумағына карантиндік режимді сақтай отырып, балаларға арналған медициналық маскалар, антисептиктер және тәттілерді сыйға тартты.

Қайырымдылық акциясына облыстық ҚХА Волонтерлер  орталығының басшысы Ильдар Гафуров, «Қазақстандағы орыс қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі Қызылорда филиалының жетекшісі Владимир Толоконников, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері, волонтерлер және «Dalatex» ЖШС-лар  өз үлестерін қосты.

Өз кезегінде «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылының директоры Лиза Скакова облыстық ҚХА волонтерлеріне ризашылығын білдірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<