COVID-19: Аймақта өткен тәулікте 13 дерек анықталды.

629

0

Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен тіркелген науқастар саны – 4029. Соңғы тәулікте 13 жағдай тіркелді. Ал індеттен айыққан науқастар саны 3900-ге жетті.

Бүгінде инфекциялық стационарда 60, ал стационардың реанимация бөлімінде 10 науқас ем алуда.Сондай-ақ, коронавирус инфекциясы анықталған азаматтармен байланыста болғаны – 16 578 тікелей қарым-қатынас – 13 830, ықтимал қарым-қатынас – 2 748.

Өткен тәулікте зертханаларға тапсырылған сынамалар саны – 1712, тексерілгені – 1102, жұмыс жасалуда – 610. Қалдық тест саны – 10032. Эпид. маусым басталғалы бері 254 506 сынама алынды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<