Ерлікпен қаза тапқан әріптесін еске алды

777

0

Құқық қорғау қызметінің оңай емес екені әмбеге аян. Қоғам тыныштығын күзетіп, көше тәртібін қадағалап жүрген сақшылар күрделі жағдайлармен күн сайын бетпе-бет келіп жатады. Осындай қарбалас пен қым-қуа тіршілік темір-жол бойынанда байқауға болады. Бұл жердеде қоғамдық тәртіп бұзылып, түрлі қылмыстық оқиғалар орын алады.Қазақстанның Тәуелсіздігін алғалы қаншама ішкі істер органының қызметкерлері қауып-қатерге толы қызметін абыроймен атқарып қапыда қаза тауып, сұм ажал ортамыздан алып кетті. Солардың ішінде осындай ерлігімен ел есінде қалған жанның бірі Қызылорда ст. Желілік полиция бөлімінің қызметкері милиция аға лейтенанты Мұратбек Әмзеұлы Өмірбековте бар. Ерлік еленбей қалмайды, жоғары бағаланып қызмет бабында жанын қимай көрсеткен ерлігі үшін 1996 жылы 9 желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен милиция аға лейтенанты Өмірбеков Мұратбек Әмзеұлы II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Белгілі ойшыл В.Гюгоның «Ерлік өнегелері тарихты нұрландыра түседі… Бұлар адамды алға жетелейтін жарығы мен шамшырақтардың бірі» деген сөзіне сүйене отырып, сол жарықтың, Мұратбек Әмзеұлының оты өшпеу мақсатында Көліктегі полиция департаментінің және Қызылорда ст.ЖПб-нің басшы құрамымен және жеке құрамымен біршама игі істер атқарылуда. Қазақстан полициясы күніне орай марқұм Өмірбеков Мұратбек Әмзеұлының жұбайы Дүйсенова Күләш көзіне жас ала отырып сол қанды 1992 жылғы оқиғаны есіне алады. Бүгінгі күні Өмірбеков Мұратбек Әмзеұлының үлкен ұлы Өмірбеков Ринат Мұратбекұлы әкесінің жолын қуып, Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінде полицей лауазымында абыроймен қызметтік міндеттерін атқаруда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<