Электр станциялары тұрақты жұмыс істеуде

570

0

Қызылорда облысының тұтынушыларын электрмен жабдықталуы Жүйелік оператор бекіткен және электр энергиясын орталықсыздандырылған сатып алу-сату және электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарықтарында көтерме сауда нарығына қатысушылар жасасқан электр энергиясын сатып алу-сату шарттарына сәйкес әрбір күнтізбелік тәулікте электр энергиясын өндіру мен тұтынудың сағаттық шамасын регламенттейтін электр энергиясын өндіру-тұтыну кестесіне сәйкес жүргізіледі.

Жедел ақпаратқа сәйкес 2020 жылғы 31 мамырдағы ЭЖҰ (энергиямен жабдықтаушы ұйымдар) және ӨЭК (өңірлік электр желісі компаниясы) бөлінісінде электр энергиясын тұтыну өткен тәулікте 2590936  кВт сағатты құрады, мәлімделген электр энергиясы 2735860 кВт сағат болғанда, артық тұтыну 144924 кВт сағатты құрады.

Электр станциялары белгіленген режимде тұрақты жұмыс істеп тұр.

Энергетика министрлігі Атомдық және

энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің

облыс бойынша аумақтық департаменті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<