Электронды төлем – заман талабы

276

0

Фото автордан

Өткен жылы өңіріміз бойынша белгіленген жоспар артығымен орындалып, жергілікті бюджет түсімінің өсу қарқыны 138 пайыз құрап отыр. Бүгінде облыста 11783 заңды тұлға, 62603 дара кәсіпкер тіркелген. Жалпы барлық көрсетілген қызметтің 99,7 пайызы электронды, 0,3 пайыз қағаз түрінде көрсетілген. Заңның мақсаты – кәсіп¬керлік қызмет сипаты бар мобильді аударымдарды қадағалау және оған салық салу.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Еркін Елшібеков айтты.

Банктерден ақпараттың келіп түсуі кезең-кезеңмен жүзеге аспақ. Бұл мәліметтің барлығы жалпыға бірдей декларациялаудың кезеңі өткеннен кейін анықталып отырады. Елімізде бизнес және оны дамытуға қолайлы жағдай жасалған. Салық режимдерінің тәртібі жеңілдетілген. Салық режимдері қызмет түріне қарай тек 1-4 пайыз құрайды. Мобилді аударымдар табысын жасырмай, салық міндеттілігін адал орындап отырған адал салық төлеушілерге әсер етпейді. «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» ҚР заңының нормаларына сәйкес төлем тәсілдері қарастырылған банк картасымен, QR төлемімен немесе қолма-қол ақшамен. Тұтынушы қандайда бір төлем түрімен төлем жасағысы келсе, жеке кәсіпкер оны қабылдауға міндетті. Ал, тек қолма-қол ақшамен төлем жасауды талап етілсе, бұл бағыттағы кәсіпкерлердің әрекеті заңсыз болып есептеледі. Өйткені, бұл жерде тұтынушының құқығы бұзылады. Кәсіпкерлердің төлем карточкаларын пайдалана төлемдерді қабылдаудан бас тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бірінші ретке «ескерту» жасалады. Егер бір жылдың ішінде қайталанған жағдайда 40 АЕК көлемінде айыппұл көзделген, – деді баспасөз конференциясында.

Мөлдір САҒЫНБАЕВА,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 4-курс студенті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<