Облыс әкімі Жеңіс күнімен құттықтады

587

0

Фото: облыс әкімдігі

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев облыс халқын 9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтады.

Ардақты соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!

Қадірлі жерлестер!

Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Бүгінде қатары әбден сиреген аға буынның жалындаған жастық шағы майдан даласында, тылда өтті.
Сұрапыл соғыстың соқпағына түскендер жанған от пен жауған оқтың ортасына жүріп кең-байтақ жерді қорғады. Ерліктің ерен үлгісін көрсетіп, бізге бейбіт күннің шуағын сыйлады.
Тылда еңбек еткендер «бәрі де майдан үшін» деп алға ұмтылды. Бұл – майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің қажымас қайратының, қайсар рухының жеңісі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Біз бүгінгі бейбіт өміріміз үшін жеңімпаз аға буынға қарыздармыз. Олардың өшпес ерлігі – кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге. Майдангерлеріміз жан аямай қорғаған азаттық, әділдік, теңдік құндылықтары Әділетті Қазақстан үшін де мызғымас темірқазық болып қала береді» деген болатын.
Бүгінде аймағымызда 4 соғыс, 2041 тыл ардагері бар. Жарқын болашағымыз үшін майданда да, тылда да жанқиярлықпен күрескен жандарды ардақтау – біздің перзенттік парызымыз. Олар қамқорлық пен қолдауға, сый-құрметке бөлене береді.
Бүгінгі мерекеде ардагерлерімізге күш-қуат, мықты денсаулық, жас ұрпаққа жарқын болашақ, еліміз бен жерімізге бейбіт өмір тілеймін.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<