Камералдық бақылау жүргізу тәртібі

437

0

Фото: ашық дереккөз

Бүгінгі таңда салық органдарының басым міндеттерінің бірі салық төлемдерінің толық және уақытылы түсуін қамтамасыз ету.

Осыған орай салық органдары қашықтықтан бақылау шараларын белсенді түрде қолдануда.

Олардың бірі камералдық бақылау болып табылады.

Камералдық бақылау салық декларацияларында көрсетілген мәліметтер мен түрлі деректер көздерін талдау және салыстыру негізінде жүзеге асырлады.

Камералдық бақылаудың басты мақсаты камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды салық төлеушінің өз еркімен жоюына құқық беру арқылы салық төлемдерін өндіру.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда тәуекел дәрежесіне орай, атап айтқанда тәуекел дәрежесі орташа және жоғары бұзушылықтар бойынша хабарлама қалыптастырылады.Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды салық төлеуші (салық агенті) ол тапсырылған (алынған) күннен кейінгі күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

Салық төлеуші хабарламадағы бұзушылықтармен келіскен жағдайда, қосымша салық есептілігін табыстау міндеттелсе,  келіспеген жағдайға Салық Кодексінің 96 бабының 3-тармағындакөзделген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентігінің) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушалықтарды жою туралы хабарламаны жіберген салық органына анықталған бұзушылықтар бойынша түсінікті қағаз немесе электрондық жеткізгіште ұсынуы салық төлеушінің (салық агентінің) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауы болып танылады.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушалықтарды жою туралы хабарламаны белгіленген мерзімде орындамау Салық Кодексінің 118-бабына сәйкес салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға алып келеді.

Сондай-ақ уақытылы орындалмаған хабарламалар бойынша ҚР-ның Әкімшілік құқықтық бұзушылық туралы Кодексінің 288 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік тарту көзделген.

Салық кодексінің 96 бабының 6 тармағының 1 тармақшасына сәйкес тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтар бойынша камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны белгіленген мерзімде орындамау және (немесе) орындалмады деп тану осы Кодекстің 120-1-бабына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін шектеуге алып келеді.

Электрондық шот-фактураларды жазып беруді шектеуді қолдану кезінде шот-фактура қағаз жеткізгіште жазып беріледі және шот-фактураларды жазып беруді шектеуді алып тастаған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіне енгізілуге тиіс.

Жоғарыдағылардың негізінде, Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, салық төлеушілерді өзінің міндеттемелерін уақытылы, толық, сапалыорындауға және салық заңдылықтарын сақтауға шақырады.

М.Ибраимов,

Қызылорда қаласы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасы

басшысының орынбасары

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<