Кезекті рейд жұмыстарын жүргізді

482

0

Фото: Қала әкімдігі

Қызылорда қаласы әкімдігі жанынан қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тәртіпті сақтау бағытында құрылған жұмысшы топ құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында кезекті рейд жүргізді.

Жұмысшы топ құрамында қалалық полиция басқармасы, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, қалалық төтенше жағдайлар басқармасы мен қалалық қоғамдық даму бөлімі, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі және БАҚ өкілдері бар.

Аралау барысында қаладағы көңіл көтеретін орындар қамтылып, құқық бұзушылыққа жол берген кәсіпкерлерге тиісті әкімшілік шара көрілді. Сондай-ақ, кәсіп иелеріне қоғамдық тәртіпті сақтау, жұмыс режимін бұзбау, санитарлық тазалыққа мән беру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Айта кету керек, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы бұл жұмыстар тұрақты жалғасады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<