Көлік-логистика Қазақстан болашағын айқындайды

1979

0

Көлік-логистика Қазақстан болашағын айқындайды Көлік жүйесі – Қазақстан инфрақұрылымының негізгі бір бөлігі және ел экономикасының даму деңгейіне елеулі әсер ететін маңызды сала.

Көлік инфрақұрылымы туралы айтқанда, Сыр өңірінің үлкен транзиттік аймақта жатқанын, бұл орайда «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомобиль дәлізі мен теміржолмен контейнерлік тасымалдаудың өсе түскенін атап өткіміз келеді. Қазірдің өзінде теміржол, сонымен бірге Ақтау порты арқылы жүк тасымалының артып, табыстың өсе түсуі Қа­зақстанның болашақта транзиттік мүмкіндігінің орасан зор екенін айғақтайды. Сонымен бірге автомобиль дәлізі бойынша тасымал алдағы жылдары ақылы түрде жүзеге асырылатын болады.

Жалпы, Қытай тауарларының әлемде сұранысқа ие болуы та­сы­малға кететін уақытты азайту­ды талап етеді. Бұл дегеніңіз – бәсекелестік. Бәсекелестік бар жерде тауарды тасымалдауға деген сұраныс болады. бұл орайда Қазақстанның, оның ішінде Жібек жолы бойында жатқан Сыр өңірінің болашағы зор екенін атап өткіміз келеді.

Қазақстанда жыл сайын көлік саласы жалпы ішкі өнім құрылымында өсімнің оң қар­қынын көрсетіп келеді. 2018 жы­лы көлік секторының үле­сі ішкі жалпы өнімде 8,5%-ін құрады. Тиімді көлік-ло­гис­тикалық же­лілер ел ішін­дегі өнеркәсіптік орта­лықтарды жақындату ар­қылы ҚР индустрияландыру процесін жылдамдатуға ғана емес, сонымен қатар өңірлік ынтымақтастықты тереңдету, сондай-ақ Қазақстанның әлемдік экономикаға одан әрі кіруі үшін база құруға да қабілетті болып табылады. Оған қоса, Қазақстанның стратегиялық тиім­ді географиялық жағдайы транзиттік мүмкіндіктерді бел­сенді іске асыру есебінен едәуір табыс көзін алуға мүмкіндік береді.

Көлік саласы мен транзитті да­мыту «Қазақстан-2050» стра­те­гия­сының сондай-ақ Қа­зақстан Респуб­лика­сы­ның 2020 жылға дейінгі стра­тегия­лық даму жоспарының басты бағыт­тарының бірі болып табылады.

Заманауи көлік-логистика­лық инфрақұрылымды қалып­тас­тыру және оның халық­ара­лық жүйеге кірігуін қам­­­та­­масыз ету үшін Қазақ­стан­да ҚР көлік жүйесінің инфра­­­құрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жыл­ға дейінгі мемлекеттік бағ­дар­ламасын және Инфра­құ­рылымды дамыту­дың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұр­лы жол» мемлекеттік бағ­дар­­­­ламасын іске асыру басталды.

Жалпы, көлік жолдарын жаңарту мақсатында 2010 жылдан бастап қайта құру жұмысы жүргізіліп, 5 мың шақырымға жуық республикалық маңызы бар автомобиль жолы күрделі жөндеуден өтті. Оған қоса, соңғы жылдары теміржол желі­лерінің пайдалану ұзындығы 2000 шақырымға ұлғайтылды.

Астана – Қарағанды, Орталық – Шығыс, Бейнеу – Ақтау, Орталық – Батыс, Қапшағай – Талдықорған, Петропавл – РФ шекарасы және Орал – Каменка 7 жобасы бойынша жұмыстар одан әрі жалғасын табады.

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында осы жобалардың сәтті іске асырылуы 2020 жылға дейін 7 мың шақырым жолды қайта құру және салу, 6,5 мың шақырым жолды ақылы ету, транзиттік контейнерлік тасымалдарды 10 есе арттыру – жылына 2 млн контейнерге дейін, порттардың өткізу қабілетін жылына 24 млн тоннаға дейін арттыру, жобаларды іске асыру кезеңінде 100 мың адамды жұмыспен қамту міндеттерін көздейді. 

Көлік инфрақұрылымын жаңарту және логистиканы дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты белсенді іске асыру бүгіннің өзінде өз нәтижелерін көрсетуде. Қазақстан арқылы транзиттік тасымалдар кө­лемі едәуір ұлғайды. Ресми статистикалық мәлімет бойынша, 2018 жылғы транзиттік тасымалдардан түскен жиынтық кіріс 300 млрд теңгені құрады.

Бұдан бөлек, Қытайдың Еуропалық Одақ елдерімен қарқын­ды түрде дамып келе жатқан сауда қатынастары Қазақ­станның транзиттік мүм­кіндіктерінің кеңеюіне ықпал етеді. Осыған орай, бүгінгі күні ҚХР – ЕО бағытымен өтетін жолдар Қазақстан үшін анағұрлым перспективалы бағ­дарлар болып табылады. Сонымен қатар, өңірлік өзара іс-қимылды күшейту үшін Қазақстан және ҚХР көшбасшылары 2016 жыл­ғы қыркүйекте «Нұрлы жол» және «Жібек жолының эко­номикалық белдеуі» бағ­дар­­­ламаларын ұштастыру жө­ніндегі ынтымақтастық жос­па­рына қол қойған еді. Өткен жылы ҚХР-ЕО-ҚХР бағы­тындағы контейнерлік тасымалдар көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 2 есе ұлғайған. 2018 жылы осы бағыттағы тасымалдар 2017 жылмен салыстырғанда 2,3 есе өскен.

ҚХР-ЕО бағытындағы құр­лық бағдарларының негізгі артықшылығы – олардың же­дел­дігі. Қазақстан аумағымен өтетін бағдарлар арқылы осы бағытта жүктерді жеткізу орта есеппен – 12-15 күнді алса, Оңтүстік теңіз жолымен жеткізу 45-60 күнді, Солтүстік теңіз жолымен жеткізу – 33-35 күнді, Транссібір магистралі арқылы жеткізу 18-20 күнді алады. Осы басымдыққа қарамастан, қолданыстағы тран­зиттік бағ­да­р­ларды сақтап, олардың бәсе­кеге қабілеттілігін арттыру үшін жүктерді тасымалдау жеделдігі мен қолайлылығын арттыру жұмысын одан әрі жалғастыру қажеттігі туындап отыр.

Алайда, бүгінгі таңда оған бірқатар проблемалар ке­дергі келтіруде. Біріншіден, контейнерлік поездарды қайта жүктеу мәселесі. Мысалы, 2016 жыл қорытындылары бойынша, қайта жүктеу көлемдері орта есеппен  35% құраған. Қайта жүк­­теудің шағын көлемдері тасы­малдаушылардың жиын­тық шығындарын ұлғайтып, құрлық бағдарларының тар­тым­­­дылығын төмендетеді. Екін­­­шіден, темір жолдардың арнайы платформалармен жет­кілікті жарақтандырылмауы ке­дергі келтіріп отыр. Қазіргі уақытта қазақстандық темір­жол паркі негізінен 40-60 фут­­тық фи­тингтік платформа­лар­дан тұрады. Транзиттік та­­­­сы­­­­мал­дардың тиімділігін арт­­­­­тыру және тасымалданатын жүк көлемдерін ұлғайту үшін транзиттік тауарларды ірі контейнерлерде тасымалдауға мүм­кіндік беретін 80 футтық фитингтік платформаларды пай­далану талап етіледі. Үшін­­­­­­шіден, автомобиль жол­­­­­да­­ры­­ның пайдалануға уа­қы­­­­тылы тапсырылмауы, сон­­­­дай-ақ республика­лық авто­­жол­­­­дардың жекелеген учас­ке­лерінде құрылыс жұмыс­та­ры­ның сапасыз орындалуы да автомобиль көлігімен тасы­малданатын транзиттік та­сы­малдардың дамуына теріс әсер етеді. Төртіншіден, логистика және сервис сапасы проблемасы. Қолданыстағы сервис объектілерінің саны жет­кіліксіз, бұл объектілердің едәуір бөлігі қызмет көрсету сапасына қойы­латын негізгі талап­тарға сәйкес келмейді және осыған байланысты олар халықаралық транзиттік тасымалдарды да және ішкі сұранысты да өз қызметтерімен толық қамтамасыз ете алмайды. Бесіншіден, транзиттік және экспорттық-импорттық операциялар құнының өзгеруіне әсер ететін кедендік және визалық рәсімдерді оңайлату мәселесі әлі де өзекті болып қалуда.

Айта кету керек, бүгінгі таңда орын алып жатқан проблемаларды шешу мақсатында мемлекет тарапынан да және бірқатар үкіметаралық жұмыс топтары тарапынан да, сонымен қатар бірінші кезекте еліміздің бизнес-қоғамдастықтары тара­пынан да белсенді жұмыс жүргізілуде.

Осылайша, бүгінгі күні көлік саласының Қазақстан эко­­­но­­микасындағы рөлінің ар­тып келе жатқанын байқай аламыз. Оған «Нұрлы жол» мем­­лекеттік бағдарламасын іске асыру аясында жүргізіліп жат­қан заманауи көлік жүйе­сіндегі оң өзгерістер куә. Осы бағдарламаның сәтті іске асырылуы республика ішіндегі көлік қатынасын жақсартып қана қоймай, сонымен қатар едәуір экономикалық пайда алуға және Қазақстанның өңірдегі негізгі көлік хабы ретінде қалыптасуына әсер ететін транзиттік мүм­кіндіктердің де өсуіне ықпал етеді. Бұл Қа­зақ­стан үшін табыстың қо­сымша және маңызды түріне айналды.

Ж.ӘЛМАХАН.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<