Көшпелі комиссия отырысы өтті

433

0

Фото: Жалағаш ауданының әкімдігі

🔹Бүгін аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменовтың төрағалығымен Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы М.Шәменов ауылында өткізілді.

🔹Комиссия отырысы басталмас бұрын комиссия төрағасы Ғ.Сүлейменов бірқатар белсенді әйел азаматтарды 8 наурыз –Халықаралық әйелдер күні меркесіне орай марапаттап, құттықтады.

🔹Күн тәртібіндегі мәселелерге сәйкес аудандық «Мансап» орталығының директоры Ғ.Телібаевтың «Аудан бойынша әйелдер қауымының жұмыспен қамтылуы туралы» және аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің бас маманы Н.Төлегеновтың «Әйелдер арасында шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы туралы» хабарламалары тыңдалды. Хабарламашыларға сұрақтар беріліп, комиссия мүшелері тарапынан талқыланды. Комиссия төрағасы тарапынан тиісті сала басшыларына тапсырмалар берілді.

🔹Сонымен қатар, келелі жиынның соңы ата бабамыздан мұра болып келе жатқан ұлттық қолөнерімізді дамыту, қазақ анасының киелі бас киімі — кимешектің ерекшеліктері, түрлері туралы кеңінен насихаттау,өңіріміздегі қолөнер шеберлерлерінің жұмыстарын көрсету және ұлттық дәстүрлерімізді насихаттау мақсатындағы «Киелі кимешек» атты аудандық ісмер әйелдер байқауымен жалғасты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<