COVID-19 жаңа коронавирус инфекциясының таралуы медициналық бетперденің дәріханалардың сөрелеріндегі қажет өнімдердің бірі екендігін дәлелдеді. Көптеген қалаларда осы жеке қорғаныс құралдарын сатып алу мүлдем мүмкін болмай қалды. Бұл тұрғындардың қайта пайдалануға болатын маталардан маскалар киіп, оларды бүктелген дәкеден тігуіне әкелуде. Алайда, әлеуметтік желіде осы қорғаныс әдісін қолдану қауіпсіздігіне күмән келтіретін пікірлер көп. Осы ретте Роспотребнадзор матадан жасалған маскаларды қалай дұрыс қолдану керектігін және оларды қалай залалсыздандыру керектігін айтты.
Медициналық маска – бұл қорғанудың басты құралы. Ол жөтелгенде не түшкіргенде пайда болатын ылғал тамшыларын ұстап тұрады.
Роспотребнадзордың айтуынша, ең алдымен маскалар қазірдің өзінде науқастарға аса қажет. Бұл жағдайда бетперде жөтелген немесе түшкірген адамның сілекейінің көп бөлігін сақтап, басқа адамдардың жұқтыру қаупін азайтады. Маскаларды медициналық көмек көрсететін немесе науқастарға күтім жасайтын адамдар міндетті түрде киюі керек. Қазіргі жағдайда барлық адамның кигені дұрыс.
Сонымен қатар, бүгінгідей індеттің таралу қаупі жоғары болғандықтан масканы тағынып, адамдармен араласудан аулақ болу, қолды жиі жуу, әрі бетпердені залалсыздандырып отыру басты талап.
Ал матадан тігілген бетперде медициналық құрал емес. Десе де оны бір реттік медициналық маскаға қарағанда, қайта пайдалануға болады. Алайда, бұл бетпердені күні бойы киюге болады дегенді білдірмейді. Мұндай масканы арнайы залалсыздандырғаннан кейін ғана қайта пайдалануға болады. Мұны істеу үшін өнімді сабынмен немесе жуғыш затпен жуу керек, содан кейін бу генераторымен немесе бу беру функциясы бар үтікпен өңдеу керек. Осындай процедуралардан кейін де маска дымқыл болып қалмауы керек, сондықтан оны ыстық үтікпен қайта-қайта үтіктеу керек.
Бірқатар ғалымдардың зерттеулеріне сәйкес, коронавирус жоғары температураға төзбейді. Гонконг университеті мамандарының жақында жүргізген зерттеуі SARS-CoV-2 70 градус температурада бес минут ішінде белсенділікті жоғалтатынын көрсетті. Ғалымдар сонымен қатар вирустың қорғаныш маскаларының сыртқы бетінде жеті күнге дейін болуы мүмкін екенін атап өтті және қайта пайдалануға болатын өнімдерге мұқият санитарлық тазартуды ұсынады.
М.ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<