Малды сұрыптау-жаңа тұқымдар шығарып олардың өнімділігін арттыруға өз көмегін тигізеді. Соңғы жылдары елімізде малды селекциялау арқылы мал басының саны артып, сапалық тұрғыдан да еш кем түспеуде. Олардың тіршілік ортасы, өнімдік технологиясына қарай сұраптау жасалынады.
Әдетте сұрыптау мен жұп құру бірлігін селекция деп атайды. Малдың әр түрін негізгі өнімдік белгілеріне (сүті, еті, жүні, жұмыс қабілеті және т.б.) қарай бағалау әдістері. Өнімнің саны мен сапасына есеп жүргізу, өнім өндіруге жұмсалатын азық шығыны. Тандемдік селекция және селекциялық индекстер бойынша сұрыптау әдістері. Малдың өнімділігі бойынша рекордтық көрсеткіштерге жетуі және олардың мал тұқымын асылдандырудағы маңызы.
Негізінен тек селекция ғана табынның генетикалық құрылымын (табындағы малдың нәсілдік қасиеттері) адамға ұнамды бағытта өзгерту арқылы мал өнімін арттыра алады. Осы тұрғыдан селекцияны малдың адам баласы басқаратын зволюциясы деп бағалау орынды. Сұрыптаудың негізі тұқым қуалаушылық және бейімділік секілді процесстер болып табылады. Ол өзгеру бағыты бойынша тірі организмдердің де өзгеруі дәл сол бағытта жүреді.
Мәдени мал шаруашылығында қолдан сұрыптау жүргізіледі. Бұл малдың исіне де және малға да өз әсерін тиігзері анық. Мәдени мен қатар интенсивті мал шаруашылығында сұрыптаудың белгілері мен өзгеріс күшінде қатты айырмашылық жоқ. Өзінің пайдалы жеке өзгерістерінің арқасында сыртқы орта жағдайларына жақсы бейімделетін организмдердің тіршілік етіп, сақталуын табиғи сұрыптау деп түсінеді. Мәселен, сыртқы орта жағдайларына жақсы бейімделген дарақтардың тірі қалып, көбеюі арқылы жануарлар мен өсімдіктердің жабайы түрлерінің эволюциясы жүзеге асады. Қолдан сұрыптауды адам жүргізеді, мұнда ол өзіне қажетті қасиеттері бар жануарларды ұрпақ алу үшін іріктеп таңдап алып, сақтайды және көздеген мақсаттағы белгілері нашар дамыған жануарлардың тұқымдық мал ретінде көбеюіне жол бермейді.
Тұқымды жетілдіру және жаңа тұқым шығарудың барлық табиғи немесе өзге де кезеңдерінде сұрыпталу арнайы реттілік бойынша жүзеге асады. Осы негізде жаңа тұқымдағы малдың бойынша қорғаныштық қасиеттер, ортаға бейімделгіштік, жұқпалы ауруларға төзімділік қасиеттері қалыптаса бастайды. Сұрыптау барысы арнайы кәсіби маман бақылауында болуы қажет.
Кез-келген уақытта маман бұл күрделі жұмысты жан-жақты зерттегені дұрыс. Себебі, табиғи сұрыпталудың әсерін дер кезінде ескермесеңіз малдың терісінің нашарлануына алып келді. Мал шаруашылығын мәдени түрде жүргізу жағдайларында олда бар тұқымдарды жетілдіру және жаңа тұқымдарды шығару процесі әдістемелік сұрыптаудың әсерінен жүзеге асады. Оның өзіндік ерекшеліктері мыналар: алдын ала белгіленген нәтижелерге жету; жануарлардың белгілі бір қасиеттері мен белгілерін жүйелі түрде бағалап отыру; табындағы мал тұқымын сапалық жақсарту жөніндегі жұмыстарда оларда алдағы уақытта мақсатты пайдалануға арналған ерекше топтарды бөліп көрсету.
Д.Ибрагимов,
Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты
Қызылорда ғылыми-зерттеу ветеринариялық
стансасы филиалының меңгерушісі,
Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты
Қызылорда ғылыми-зерттеу ветеринариялық
стансасы филиалының меңгерушісі,
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<