«Маманнан кеңес» айдары

699

0

Мемлекет пен халықтың өзара іс-қимылының әкімшілік-бақылау нысанына негізделген мемлекеттік басқарудың моделі халықтың биліктен күткеніне толық сәйкес келмеді. Нәтижесінде азаматтар мен олардың әл-ауқаты басты құндылықтар болып табылатын мемлекеттік басқарудың сервистік және адамға бағдарланған моделін қалыптастыру қажеттілігі туындады.

Осы ретте, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 26 ақпандағы Жарлығымен Қазақстан Республикасында мемлекетті басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілген болатын.

Тұжырымдама азаматтардың мемлекетпен өзара іс-қимылын жақсартуды, стратегиялық жоспарлаудың тиімділігін, мемлекеттік қызметтің кадр құрамының сапасын, квазимемлекеттік сектордың тиімділігін арттыруды, мемлекеттік аппаратты оңтайландыруды және мемлекеттік қызметтер көрсетудің проактивті форматына көшуді көздейді.

Мемлекеттік саясат «Ең алдымен адамдар» басты қағидатына бағынуға және халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасына тигізетін әсеріне негізделіп іске асырылып келеді.

Мемлекеттік органдардың негізгі мақсаты мемлекет пен қоғам қатынасының төрешіл моделінен басқарудың проактивті, сервистік және азаматтардың сұраныстарына ден қойғыш нысанына көшу болуы қажет. Сол арқылы халық өзі үшін маңызды шешімдерді таңдауға мүмкіндік алады. Бұл өз кезегінде, халықтың мемлекетке деген сенімін арттырады және адамға бағдарланған мемлекетті қалыптастырады.

Тұжырымдаманың мемлекеттік басқарудың сервистік және адамға бағдарланған моделін құруды көздейтін мақсаттарына қол жеткізудегі міндеттерінің бірі – клиентке бағдарланған және ашық мемлекеттік аппаратты қалыптастыру.

Осы ретте клиентке бағдарланған және ашық мемлекеттік аппаратты қалыптастырудағы мемлекеттік басқарудың жаңа моделі – тиімді, әділ, ашық, қоғамның сұраныстарына жедел ден қоятын, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты бойынша жұмыс істейтін мемлекеттік аппарат.

Бұл үшін белсенді тыңдау құралдарын кеңейту, қолданыстағы құралдарды жетілдіру және жаңа құралдарды енгізу арқылы халықпен өзара іс-қимылдың дәстүрлі арналарын нығайту көзделеді.

Осы орайда мемлекеттік басқарудың жаңа моделі – «Ең алдымен адамдар» принципіне сәйкес азаматтар мен олардың игілігі басты құндылық болып табылғандықтан, департамент бастамасымен «Маманнан кеңес» айдары құрылғанын атап өткен жөн.

«Маманнан кеңес» айдарының мақсаты – қызметті алушылардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша кеңес алуы үшін мемлекеттік органдардың кеңсесіне жүгінбей, байланыс нөмірлеріне қоңырау шалмай-ақ, мемлекеттік органдардың ресми сайттары мен әлеуметтік желідегі парақшаларында орналастырылған бейнеролик арқылы тиісті ақпарат алу.

Бейнероликтерді БАҚ-та және әлеуметтік желілерде орналастыру кезінде баяндау тілі мен стилі қарапайым, қысқа және азаматтарға түсінікті болуға тиіс.

Департамент бастамасымен биылғы тамыз айында құрылған «Маманнан кеңес» айдарына ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің  облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, «Азаматтарға Арналған Үкімет» МК КЕАҚ облыстық филиалы, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, денсаулық сақтау басқармалары, Арал, және Қазалы аудандары әкімінің аппаратына қарасты бөлімдер арқылы көрсетілетін өзекті, аса сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы сала мамандары бейнероликтер әзірлеп, мемлекеттік органдардың және департаменттің әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланды.

Алдағы уақытта облыс көлемінде  көрсетілетін барлық мемлекеттік қызмет бойынша тиісті сала мамандары «Маманнан кеңес» айдары үшін бейнероликтер әзірлеп, апта сайын жарияланатын болады.

Осындай бастамашыл іс-шара арқылы мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимыл жасауы жеңілдей түспек.

З.АРЫНОВА,

 ҚР Мемлекеттік қызмет істері

агенттігінің облыс бойынша департаменті мемлекеттік қызметтер

басқармасының бас маманы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<