Мамыр айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

976

0

сурет ашық дереккөз

Мамыр айында қазақстандықтар үш бірдей мерекені атап өтеді деп хабарлады turkystan.kz.

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні;

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні;

9 мамыр – Жеңіс күні.

1 мамыр дүйсенбіге түсетіндіктен, сәуір айының соңғы демалысы үш күнге созылады.

7 мамыр жексенбіге түседі. Мереке күні демалысқа келіп түссе, демалыс келесі жұмыс күніне ауыстырылады. Демек, жексенбі күнгі 7 мамырдың орнына қазақстандықтар дүйсенбі 8 мамырда демалады.

9 мамыр күні тағы демаламыз.

Осылайша қазақстандықтар мамыр айында келесі күндері демалады:

бес күн жұмыс істейтіндер: 1, 6-9, 13-14, 20-21, 27-28 мамыр;
алты күн жұмыс істейтіндер 1, 7-9, 14, 21, 28 мамыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<