Бүгін Қызылордада онлайн режимде жергілікті қауымдастықтың мәселелерін шешудегі үкіметтік емес ұйымдардың рөлі, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жүзеге асырылуын бағалау және тақырыбын жария талқылау механизмдері тақырыбына бағытталған дөңгелек үстел отырысы өтті. Оны мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Ұмай» сауықтыру және тәрбиелеу қайырымдылық үйі» үкіметтік емес ұйымы ұйымдастырды.
Облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Руслан Қаюпов МӘТ-тің іске асырылуы және тақырыптық бағытын қалыптастырудағы жария талқылау заңдылық талаптарының орындалуына жасалған талдау және 2020 жылдың бес ай қорытындысымен жобалардың жүзеге асырылуын бағалау нәтижелері туралы ақпарат берді.
«Бастамаларды қолдау» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Мадина Төлепова үкіметтік емес ұйымдардың институциональды дамуына жағдай жасау механизмдері және қалалық пен ауылдық үкіметтік емес ұйымдар дамуы арасындағы алшақтықты азайту мәселесі туралы баяндама жасап, жергілікті атқарушы органдарға өз ұсынысын білдірді.
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ үкіметтік емес ұйымдарына арналған мемлекеттік гранты арқылы «Бір терезе» қағидаты бойынша үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетуге арналған азаматтық орталықтарды ұйымдастыру мен дамыту» жобасы презентациясын жасаған қайырымдылық үйінің директоры, жоба жетекшісі Анар Ізден жоба аясында үкіметтік емес ұйымдарының әлеуетін арттыру бағытындағы, мемлекеттік органдармен өзара ықпалдастықты арттыруда ауқымды шаралар ұйымдастырылатынын атап өтті.
Сонымен қатар, «Ерлік» үйлестіру кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қайраддин Баймаханов, «Бітім медиация орталығы» төрайымы Ләззат Бақтыбаева, «Тұтынушылардың құқығын қорғау» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Теңізбаев, «Социум-Қызылорда» қоғамдық қорының құрылтайшысы Ерлан Мұсаев үкіметтік емес ұйымдардың мәселесін көтеріп, ұсыныстарын білдірді. Ұсыныстар бойынша салалық басқармалар тарапынан тиісті жұмыстар жасалмақ.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<