Қорғаныс құралдарының маңызы

1400

0

Қорғаныс құралдарының маңызы Денсаулық сақтау және әлеу­меттік даму министрі бұйрығымен бекітілген қағидаға сәйкес жұмыс беруші өз қаражаты есебінен жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдері, емдік-профилактикалық тағам, арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру керек. Олар ұжымдық қорғаныш құралдарымен, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз етіледі. Жеке қорғаныш құралдары (противогаздар, өздігінен құтқарғыштар, сақтандыру белбеулері, масаханалар, каскалар және өзге де құралдар) жүйелі түрде сынақтан өткізіліп, дұрыстығы тексеріледі. Ал қорғаныш қасиеттері төмендеген сүзгіштер, шынылар және өзге де бөлшектер уақытында ауыстырылуы тиіс. Тексеруден кейін жеке қорғаныш құралдарына келесі сынақ мерзімі туралы белгі (таңба, мөртаңба) қойылады.

Жұмыс беруші жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарына тиісті күтім ұйымдастырады, алдын ала өңдеп, жөндейді.

Ұйымда міндетті түрде санитарлық-тұрмыстық орындар болуы қажет. Оларға киім ілу, жуыну, тазалау, дәретхана, ішетін су орнатылған орын, арнайы киімдерді жуып, тазалау орындары кіреді. Жұмыс берушілер жеке қорғаныс қүралдарының тек сертификатталған түрлерін алуы тиіс. Жеке қорғаныс құралдары қозғалуы кезінде кедергі келтірмейтін ыңғайлы және жұмысшыларға өз өлшемімен беріледі.

Талапқа сай емес және қолдану мерзімі өтіп кеткен арнайы киімдер мен аяқ киімдер ауыстырылуы керек. Арнайы киімдер мен аяқ киімдер өткен маусымда пайдаланған жұмысшыларға қайтарылып беріледі.

Жеке қорғаныс құралдары (газдан қорғану құралы, қорғану белдіктері, каскалар және т.б) тұрақты тексерістен өткізіліп жөнделіп отыруы, ал әйнектер мен басқа да қорғаныс құралдары уақытылы жаңарып отыруы тиіс. Жұмысшыларға берілген арнайы киімдер мен жеке қорғаныс құралдары арнайы кеңістіктің санитарлық нормаларына сәйкес сақталады.

Облыстық еңбек саласындағы

бақылау басқармасы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<