Орталық кітапханада

342

0

Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №12 кітапхана жобасы аясында Қ. Мұхамеджанов атындағы мектеп-гимназияның 10»а» сынып оқушыларының қатысуымен ақын Қомшабай Сүйеніш Есіркепұлының 85 жылдығына орай «Жаны жырдан жаралған» атты әдеби кеш өтті. Біріншіден ақынның шығармашылығы мен өнегелі өмір жолы таныстырылды.

Сыр өңірі өнер мен мәдениеттің небір ғажайып туындыларын дүниеге әкелген тума таланттардың рухани мұрасына бай өлке. Солардың бірегейі – Қомшабай Сүйеніш. Қомшабай Есіркепұлы Сүйеніш тек ақиық ақын ғана емес, дарабоз драматург, жампоз жазушы да еді. «Кемпір шалдың еркесі», «Сен де жалғыз, мен де жалғыз» пьесалары кезінде театр сахналарынан түскен жоқ. Ол көптеген повесть, әңгімелермен бірге, бір романның авторы. Қай жанрда қалам тербесе де ол өзіндік қолтаңбасын қалдыра білген Сыр бойының сөз зергері, әдебиетіміздің көрнекті қаламгері болатын. Қомшабай Сүйеніш поэзия жанрымен қатар проза жанрына да қалам тартқан жазушы. Оның «Мен де ғашық болғанмын» кітабына бірнеше әңгімелерін қітапхана оқырмандары талқылады және «Кемпір шалдың кенжесі» пьесасынан үзінділер оқылды. Кешке Қ. Мұхамеджанов атындағы №1 май мектеп-гимназияның тәрбиешісі жөніндегі орынбасары Адамқайырова Нұржамал Жақсылыққызы және қазақ тілі мен әдебиет пәнің ұстазы Қожабай Махаббат Оспанқызы қатысып, ақын шығармашылығын кеңінен әңгімеледі.

* * *

Қазіргі уақытта заманауи ақпараттық технологиялардың мүмкіндігі зор. Мамандардың айтуынша, оның ең сапалысы – цифрлы технология. Осы орайда орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде қарасты №6 кітапхана «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Цифрлы технология – болашаққа батыл қадам» атты виртуалды кітап көрмесін ұсынады. Кітап көрмесінен қай салада болмасын, жұмысты жеңілдетуге бірден-бір ықпал жасайтын, адамның білімін және интеллектуалдық әлеуетін арттыратын цифрлы технология жайлы «Интеллектуалды экономика – ХХІ ғасырдың технологиялық жаңғыруы», Қ. Сарбасованың «Инновациялық педагогикалық технологиялар», Е. Балапанов, Б. Бөрібаев, А. Дәулетқұловтың «Жаңа информациялық технологиялар: информатикадан 30 сабақ», А. Левиннің «Самоучитель работы на компьютере» және т.б. әдебиеттермен танысуға болады. Іс-шараның мақсаты – оқырмандарға цифрлы технология жайлы мәліметтер беру, цифрлы технологиямен жұмыс жасау және оны өндірісте қолдану тәсілдерімен таныстыру, компьютерлік сауаттылықтарын арттыратын әдебиеттерді насихаттау.

***

Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №20 кітапхананың ұйымдастыруымен Қазыбек бидің 355 жылдығына байланысты «Сөз серкесі – шешендік» атты тарихи танымдық кеш өтті. Шараға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, ҚР Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі Ахметбек Бақытжан Мұқарамұлы, сонымен бірге «Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектептің» тарих пәнінің ұстаздары қатысып, Қазыбек бидің өмірі мен атқарған қызметтеріне байланысты үлкен мағлұматтар берді. Шараға 8 «j» сыныбының оқушылары белсене қатысып, Қазыбек бидің өлеңдерін оқып, шешендік сөздерінен көрініс қойды. Мақсаты Қаз дауысты Қазыбек бидің қазақ халқының бірлігін сақтауда, елін жерін қорғаудағы атқарған жұмыстары, бүгінге дейін жеткен шешендік сөздерін өскелең ұрпаққа насихаттау. Елінің өткен тарихын білу, сонымен мақтану – әрбір ұлжанды ұрпақтың парызы екендігін ұғындыру. Қазыбек Келдібекұлы – қазақ халқының XVII – XVIII ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Жүзі арғын тайпасының қаракесек руына кіретін Болатқожа атасынан шыққан ол 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек – есімдері елге белгілі әділ билер болған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<