Роскосмос ғарышкерлері ұшу ұзақтығы бойынша рекорд орнатпақшы

326

0

Сурет: ТАСС

Роскосмос ғарышкерлері Олег Кононенко мен Николай Чуб ХҒС бағдарламасы бойынша ұшу ұзақтығынан рекорд орнатуға бел буды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ғарыш зерттеушілері Сергей Прокопьев, Дмитрий Петелин және Франциско Рубионың жетістіктерінен асып түспекші. Аталмыш ғарышкерлер 370 күн 21 сағат 22 минут 16 секунд аялдаған болатын.

Олег Кононенко мен Николай Чуб ғарыш әлеміне 2023 жылдың 15 қыркүйегінде «Союз МС-24» кемесімен аттанды. Енді олар ол жақтағы 374 күндік сапардан кейін 2024 жылдың 23 қыркүйегінде «Союз МС-25» кемесімен жерге оралуы керек.

Бұған дейін ең ұзақ ғарыштық сапарды ресейлік Валерий Поляков 1994 жылдың қаңтарынан 1995 жылдың наурызына дейін «Мир» орбиталық кешенінде іске асырды. Ол өзге әлемде 437 күн 17 сағат 58 минут 17 секунд болды.

Одан кейін Сергей Авдеев – 379 күн 14 сағат 51 минут 10 секундтық көрсеткішпен, 1998 жылдың тамызынан 1999 жылдың тамызына дейін ғарышта зерттеу жұмысын жүргізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<