Оңтайландыру шаралары

288

0

Ағымдағы жылдың 17 маусымында Дүниежүзілік Банкі Қазақстан бойынша «Doing Business» қосалқы ұлттық рейтингінің деректерін жариялады.
Осы халықаралық ұйым елдердің рейтингін анықты бір елдегі кәсіпкерлік қызметті реттеу жүйесі туралы неғұрлым толық ақпарат алу мақсатында төрт компонент бойынша әкімшілендіру тиімділігінің дәрежесін айқындай отырып жүргізеді (кәсіпорындарды тіркеу, құрылысқа рұқсат алу, электр желілеріне қосу және меншікті тіркеу).
«Doing Business» рейтингінің «Меншікті тіркеу» индикаторын жақсарту мақсатында бірқатар шаралар атқарылды.
Атқарылып жатқан шаралар нәтижесі мемлекеттік қызмет көрсету барысында әкімшілік кедергілерді азайту, қаржылық және уақыт шығындарын азайту болып табылады.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының 2019 жылдың  2 сәуір айындағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының аясында «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңына бірқатар толықтырулар мен өзгерістер енгізілді.
Атап айтсақ, жылжымайтын мүлікке құқықтарды электрондық тіркеу нотариус куәландырған мәмілелермен қоса мұрагерлікке құқық туралы куәлік, меншік құқығы туралы куәліктің электрондық көшірмесі арқылы жүзеге асырылады.
Жылжымайтын мүлік объектісіне заңдық талаптарды алып тастау тәртібі мен жағдайлары енгізілді.
Атап айтсақ;
1) егер заңдық талапты тіркеуге негіз болған мән-жайлар жоққа шығарылса;
2) мүдделі тұлғаның өтініші бойынша және заңдық талап қоюға бастама жасаған тұлғаның келісімімен жүзеге асырылады.
Егер заңдық талап мемлекеттік тіркелген кезден бастап үш жыл өткен соң алынып тасталмаса, онда заңдық талапты мемлекеттік тіркеудің күші жойылады.
Тіркеуші орган бұл жөнінде өтініш берушіні көрсетілген мерзім өткенге дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.
Мүдделі тұлғалар заңдық талапты тіркеуді ұзарту туралы өтінішпен осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткенге дейін жүгіне алады.
Көрсетілген мерзімнің өтуі жылжымайтын мүлікке заңдық талапты қайта тіркеу үшін өтініш жасауға кедергі келтірмейді.
Сонымен қатар, жер қатынастары және жылжымайтын мүлік объектісіне құқықтарды тіркеу саласындағы қызметтерді біріктіру, оны жүзеге асыру үшін жылжымайтын мүлік бірыңғай кадастрын құру қажет. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, мемлекеттік жер кадастры автоматтандырылған ақпараттық жүйесін және қала құрылысы кадастрын және «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік дерек қорын біріктіру арқылы жылжымайтын мүлік бірыңғай мемлекеттік кадастрын құру және енгізу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобаны іске асыру тұрғындарға бір өтініш негізінде жер учаскесіне құжаттарды әзірлеу, техникалық паспортты жасау және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу аясында жылжымайтын мүлікті рәсімдеуде толық қызмет көрсету мүмкіншілігі туындайды.
Сондай-ақ, жылжымалы мүлік кепіл шартын және кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеуді электрондық форматқа көшіру шаралары жүргізілуде. Бұл шара өз кезегінде 1 жұмыс күнінде тіркеуді және қағаз түрінде құжаттарды ұсынуды болдырмауды көздейді.
Министрлік тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметті әрі қарай оңтайландыру шараларын жүзеге асыру жоспарланып отыр.

М.Ермекбаев
облыстық әділет департаментінің бөлім басшысы,
Қазақстан заңгерлер одағының мүшесі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<