Қазіргі таңда қоқысты іріктеуді игере алмай келе жатқан елдердің басым көпшілігі дамушы мемлекеттер. Мұның түрлі себебі бар.Тұрмыс қалдықтарын өңдейтін технологияның жолға қойылмауы, қажетті ресурстардың тапшылығы, күнделікті шығатын қалдықтардың көптігі. Және ең бастысы , адамдардың экологияға тигізіп жатқан зияндарын толық сезіне алмауы. Тыйым салу арқылы бұл мәселені шешуге болады ма ?
Қатты тұрмыстық қалдықтарды игеру Елбасының 2013 жылға мәлімдеген «жасыл» экономикаға көшу бағытының басты тармақтарының бірі. Орта есеппен жыл сайын 250-300кг тұрмыстық қалдық шығарылады. Ал, оны өңдейтін зауыттар бізде жоқтың-қасы. Көрші Ресей 10 жылдан бері осы іс бойынша жылдық мөлшері біршама қаражат құрайтын өнім жасап шығаруда. Жай қарапайым мысал, пластик өнімді қайта 7 рет өңдеп, қолданысқа енгізеді. Алайда, бұл іспен біздің елде ешкім айналысқысы келмейді. Оған дәлел қоқыс өңдейтін орталықтардың тым аз болуы, яғни, небәрі 80-ге жуық қана.
Біздің міндетіміз – қалдықты айналымға енгізу. Әр адам,әр қоғам өзінен бастап айналысуы керек мәселе. Табиғатқа шын жаны ашыса оны таза ұстап, қалдықтардан арылтуға күш салуы тиіс.
Айгерім СЕРІК,
Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың 1-курс студенті
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<